Қазақстан әлемде қызылшаның таралуы бойынша антирекорд жасады
Қызылша ауруын тыя алмай отырған елдердің тізімінде көш бастадық.
Алғашқы үштікте Қазақстанмен қоса Иемен мен Үндістан жүр. Үшеуі де дамушы ел.
АҚШ-тың қаіупті ауру түрлерін бақылайтын және алдын алумен айналысатын зерттеу орталығы келтірген мәліметтер рас болса, Қазақстанда 13 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Ал Иеменде 25 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Бұл оңтүстік Батыс Азия елінде шамамен 25 миллон адам тұрады. Ал, Үндістанда 15 мың адам індет жұқтырған. Бірақ мұнда халықтың саны бізбен және Иеменмен салыстырғанда анағұрлым көп екенін ескеру керек.
Антирейтингке енген елдердердің тізіміне одан әрі зер салсақ, аутсайдерлер қатарында Эфиопия, Пакістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия елдері бар.
Бірақ ескерте кетейін, бұл зерттеу орталығы келтірген мәліметтер биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығын ғана қамтыған.
Бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі індеттің таралуы күшейген кезде күніне 250 кейде тіпті 350 адам қызылша жұқтыруы мүмкін деген болжам айтқан еді. Ал, ғалымдар алдын алу шараларын қолға алмаған, сақтанбаған әрбір он адамның 9-ы міндетті түрде дертті жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Қазірдің өзінде ел бойынша науқастар саны 22 мыңнан асты.
Қызылша көп таралған 10 ел
- Йемен – 25 216
- Үндістан – 14 927
- Қазақстан – 12 985
- Эфиопия – 11 227
- Пәкістан – 8 316
- Конго Демократиялық Республикасы – 5 989
- Ресей – 4 305
- Ирак – 4 164
- Индонезия – 3 827
- Нигерия – 3 683
ӘЛЕМДЕГІ АХУАЛ
ЭФИОПИЯ
ПӘКІСТАН
Конго демократиялық республикасы
РЕСЕЙ
ИРАК
ИНДОНЕЗИЯ
НИГЕРИЯ
Дерттің таралу қарқыны
ШІЛДЕ – 2 000
ҚАРАША – 13 000
ЖЕЛТОҚСАН – 19 000