Солтүстікте қызылша індеті бәсеңсімей тұр. LIVE
Солтүстік Қазақстан облысында да індеттің бәсеңдейтін түрі жоқ.
Соңғы бес күнде 25 адам вирус жұқтырған. Дені балалар. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды әріптесім Ол қазір тікелей байланыста. Қызылшаның алдын алу үшін қандай шаралар атқарылып жатыр? Ауруханаларда орын тапшылығы байқала ма?
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында бірде-бір адам қызылшамен ауырмған. Ал биыл 132 жағдай тіркелді. Оның жартысына жуығы осы желтоқсан айында инфекция жұқтырған. Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, науқастардың көбі вакцина алмаған. Өңірде қарашаның басынан бері 5 мыңнан аса бала мен бір мыңға жуық медицина қызметкері екпе салдыртты. Өкінішке орай, 400-ге жуық ата - ана баласына екпе алудан бас тартқан. Иммундау шарасы туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов айтып берсін. Нұржан Облыста қанша вакцина бар? Қаншаға тапсырыс берілді?
Нұржан Тағаниязов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Науқас саны көбейгеннен кейін, ауруханаларда орын тапшылығы жоқ па?
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші
- Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы ауруға шалдықпаудың бірден бір жолы – екпе алу. Қазір облыс бойынша 265 вакцина салу орны жұмыс істейді. Тағы жүзге жуығы жылжымалы. Олар медициналық пунткі жоқ шалғай ауылдарға өздері барып қояды. Мендегі бар ақпарат осы.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Қуаныш Қазбеков