Қызылорданың Нағи Ілиясов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория іске қосылды
Қызылорда облысының Нағи Ілиясов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория іске қосылды.
Бұл «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы аясында бой көтерген 27 медициналық нысанның бірі. Заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған ғимаратты құрылысшылар 8 айда салып бітті. Өңірде жыл соңына дейін көп бейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық қалаға қарасты Досан елді мекенінде медициналық бекет, Жаңақорғандағы көп бейінді аудандық аурухана базасында балаларға арналған оңалту орталығы ашылмақ.
Мұхамбет Алашбаев, Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны:
- Нағи Ілиясовта бірінші больницалар солдаттардың казармасы болды. Халық сонда емделді. Екінші мына екі тұрғын үйлер бар еді, соны больница етті. Манау бірінші рет осы салынғаны арнайы. Халық қуанышты, қуанып жатыр.