Өңірлерде 90 денсаулық сақтау нысаны салынады
Жалпы саланы қаржыландыруға осы жылы 2,5 трлн теңге бөлінген.
Елдегі 80 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтіп, 500-ден астам техника сатып алыныпты. Бұл туралы бүгін Үкіметте айтылды. Биыл отандық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды жыл болды. Атап айтқанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды, Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда. Және медициналық скринингтер саны ұлғайтылды.
Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау министрі:
- Амбулаториялық көмекті 90 мл-нан астам адамды қабылдады, 360 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келді, жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді. Халықтың жалпы өлім-жітімінің көрсеткіші 5,7%-ға, нәресте өлімі 10%-ға, ана өлімі 24,4%-ға төмендеді.