Алматыда орфанды неврологиялық орталық ашылды
Алматыда балалардың орфандық неврологиялық ауруын емдейтін арнайы орталық ашылды.
Мұнда жүйке жүйесінің ауруына шалдыққан балдырғандарға жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі. Елде 40 мыңнан астам бала сирек кездесетін орфандық дертке шалдыққан. Мұнан бөлек орталықта бұлшық еттің невралогиялық сырқаты, бұлшықеттің дистрофиясы сынды ауруларды емдейді. Бөлімде емдеу кабинеті мен физикалық жаттығу залы бар.
Мадина Жақсыбек, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Бізде өте бағалы препарат алынатын балалар бар. Спиндраза, Мелаксен сондай бірнеше түрлі препарат бар. «Қазақстан халқына» қоры арқылы алынатын дәрілер, соны біз осы жерде салынған адамдарды қарау керек. Қалай өзгерістер енеді, баланың жағдайы жақсарды ма, сондай толыққанды ем болады.