Вакцина салдырмай жағдай түзелмейді
Бұған дейін қызылшаға қарсы вакцина балаларға 1 жастан бастап салынса, енді 6 айлық сәбиге де егіледі.
Дәрігерлер осындай қадамға барып отыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды осыдан-ақ біле беріңіз.
Бастысы ауруды асқындырып алмау. Ең қатерлісі қызылша дендеп енсе - дерт науқастың басына шауып, көзі көрмей қалуы да мүмкін.
Медицина қауқарсыз емес. Аурудан сақтанудың жолы бар.
Елде қызылша жұқтырып жатқандар саны артып барады. Кейінгі тәулікте республика бойынша 420 баладан инфекция анықталған. Қазір ел бойынша 27 235 жағдай тіркелді. Олардың 65,6 пайызы екпе алмаған. Дертті жұқтырғандардың 79,2 пайызы 14 жасқа дейнгі бала.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Ең көбі Алматы қаласына тиеслі 3700-ден астам, одан кейін Жамбыл облысы 3400-ден астам, Шымкент қаласында 3200, Маңғыстау облысында 2600-ден астам жағдай тіркеліп отыр. Осы 4 өңір қызылшамен ауырғандар саны бойынша алдыңғы қатарда болып отыр. Иммунитеті қалыптаспаған балалар ауру адаммен байланысқа түскен кезде 100 пайыз жұғады. Қызылша ауруы жоғары контагиозды тез жұғатын ифекциялық ауру.
Мамандардың айтуынша қызылшаны тоқтатудың жалғыз жолы - вакцина салдыру. Бұған дейін вирусқа төтеп беретін вакцинаның бірінші дозасы бала 1 жасқа толғанда салынатын. Енді эпидахуалдың ушығуына байланысты бала 6 айынан бастап егіледі.
Альмира Балғабай, дәрігер-педиатор:
- Бір жасқа дейінгі балалар жұқтырып алып, оларда қиындау өтіп жатқандықтан жеңілдетілген егілу түріне шақырып жатырмыз. Яғни ата өзі біледі. Қазір алдымызда мереке келе жатыр. Мереке барысында ата-аналар бірін-бірі қонаққа шақыру, қыдыру, қонақ күту салдарынан жабық алаңдар да жиі жүрмеуін сұраймыз. Бір-біріне қонаққа барып алыс-келіс болған кезде бір-біріне жұғады.
Қызылша ауруы асқынса баланың өкпесі зақымданып, есту қабілеті нашарлайды. Тіпті менингитке ұласып, науқастың көзі көрмей қалуы мүмкін. Мамандар белгісі 1 аптадан кейін бірақ білінуі мүмкін бұл ауруды асқындырып алмауға шақырады.
Авторлары: Әлішер Әли, Диас Қовланбаев, Самат Сүлейманов