Қызылшадан екі бала көз жұмды
Елде қызылша дертінен екі бала көз жұмды. Оның ішінде бірі шала туғандықтан, басқа да ілеспе аурулары болған.
Бірақ екеуі де 1 жасқа толмауына байланысты жұқпалы инфекцияға қарсы екпе алмаған. Қайғылы оқиға Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты.
Қазір елде қызылшаның таралуына қарсы жаппай иммундау шарасы жүріп жатыр. Бүгінде вакцина алуы тиіс 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы егілген. Жыл сайын 1 және 6 жас аралығындағы 700 мыңға жуық бала екпе алады.