Вейппен күрес. Блиц
Мемлекет басшысы жастар арасындағы қауіпті үрдістің бірі электронды темекінің кең таралуына алаңдаушылық білдіріп еді.
Онымен күрес бағытында ауқымды жұмыстар басталды. Мәжіліс жақында ғана вейп сатуға тыйым салатын құжатты мақұлдады. Оған сәйкес, елге вейптерді әкелуге, өндіруге және таратуға да тосқауыл қойылады. Заңды бұзғандар қылмыстық жауапқа тартылады. Мысалы, темекінің осы түрін сатқаны үшін саудагер 50 тәулікке дейін қамауға алынса, елге әкеліп, таратқаны үшін, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аса ірі мөлшерде саудалағандарға және қылмысы үшін қайта ұсталғандарға 5 жылға дейін жаза тағайындау көзделіп отыр.
БЛИЦ:
- Ол денсаулыққа зиян ғой. Сатуға конечно заң қабылдау керек. Қазір мектеп оқушылары көп қолданады, әсіресе жас балалар.
- Көп адам электорнды темекі шегеді. Білмеймін денсаулыққа пайда емес.
- Әу баста запрет қою керек қой ондай нәрселерге. Жиі кездестіремін он адамның 7-еуі шығар.
- Ол өте маңызды және біздің жастарымызға денсаулығына зиянды.
- Мектепте оқитын балалардың алдағы өмірі әлі қорқынышты ғой. (өзіңіз қаншалықты жиі тұтынасыз?) Негізі шыққанан бері обычный темекіні толығымен қойып, соған көшіп кеткем. Екі аптада бір рет сатып аламын. (түбегейлі тыйым салуға қалай қарайсыз?) дұрыс. Ұлттың денсаулығы, алда келе жатқан ұрпағымыздың денсаулығы соған байланысты.