СҚО-да телемедицина жобасы енгізілді
Солтүстік Қазақстан облысында телемедицина пилоттық жобасы іске қосылды.
Енді қаладағы дәрігерлер шалғайдағы науқастарды онлайн қабылдап, ем көрсете алады. Жаңа жүйе әзірге Петропавл қаласындағы ауруханалар мен тағы 16 ауылға енгізілді. Нәтижесінде электрокардиограмма, ультрадыбыстық сканер, камера секілді медицина жабдықтары қашықтан жұмыс істеуге қосылған. Қазақстан мен Францияның бірлескен жобасы 100 мыңнан аса ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Қазіргі кезде әсіресе ауылдық жерлерде дәрігерлердің жетіспеуіне байланысты осындай қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтің түрлерін телемедицнаны дамыту қолға алынды. Осы СҚО-ға Француз әріптестерімізбен бірге ең үлгілі сол көп елдерде қолданылатын жаңа технологияны осы өңірге енгізудеміз.