Қостанай облысында қызылша өршіп тұр
Қостанай облысында қызылша ауруы әлі өршіп тұр.
Қаңтар айында 116 адамнан жұқпалы дерт анықталған. Ауруға шалдыққандардың дені 14 жасқа дейінгі жеткіншектер. Олардың дені екпе алмаған. Ал алдағы ақпан айында мамандар қызылшаның беті қайта бастайды дейді. Өйткені жаппай вакциналау өз нәтижесін беруі тиіс. Осы күнге дейін 39 мың адамға екпе салынған.
Әйгерім Қалиева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Алты айдан он бір ай аралығындағы нәрестелермен, екіден төрт жасқа дейінгі балаларды белсенді түрде жаппай иммунизациялау жүргізіліп жатыр. Ақпан айында ол өз нәтижесін беріп, жағдай тұрақталады деген ойдамыз. Осы қаңтар айында қызылшамен тіркелгендер тым көп болды. Сондықтан босаңсуға әлі негіз жоқ.