Қазақстан пандемиямен күрес қорынан қомақты грант ұтып алды
Қазақстан пандемиямен күреске 19,2 миллион доллар грант ұтып алды.
Жоба Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы іске асады. Бұл туралы халықаралық ұйымның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла хабарлады.
Қомақты қаржы Пандемиялармен күрес қорының конкурсы аясында бөлінбек. Инвестиция эпидемиологиялық бақылауды күшейтуге, зертханалардың жұмысын жақсартып, инфекциялармен күреске және медицина қызметкерлерін оқытуға жұмсалады. Жоба биыл бірінші наурыздан бастап іске қосылады деп жоспарланған. Бастама медицина мамандарына ғылыми дәлелденген әдістерді қолданып, қызмет сапасын жақсартуға бағытталады.
Пандемиямен күрес қоры 2022 жылы құрылған. Ол жан-жақты қаржыландыру жүйесімен жұмыс істейді.
Прия Басу, пандемия қорының атқарушы басшысы:
- Қор болашақта туындауы мүмкін пандемияларға дайындықты қамту және ауру таралуын алдын алу үшін табысы орташа және төмен елдерге инвестиция құяды. Былтыр қордан қаржыландыру алып, конкурсқа қатысуға 133 мемлекеттен өтініш түсті. Қатысушылардың жобалары мұқият іріктеуден өтті. Соның ішінде Қазақстан ұсынған жобаның техникалық басымдықтары көп болды. Сондықтан 19,2 миллион доллар грант беру туралы шешім қабылданды.