Президент клиникасының дәрігерлері Қарағандыда 20-ға жуық операция жасайды

Фото: 24kz

Қарағандыда астаналық дәрігерлер 20-ға жуық операция жасайды.

Кеншілер шаһарына генетик, нейрохирург, онколог, эндокринолог сияқты 30-ға жуық маман келді. Облыс әкімдігі Қазақстан Президенті іс-басқармасының медициналық орталығымен меморандум жасады. Құжат аясында әріптестік жөнінде жол картасы әзірленеді. Елордалық дәрігерлер қарағандылық мамандармен емдеу және сауықтыру бойынша тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді үйретеді.

Алексей Цой, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығының басшысы:

- Егер облыс дәрігерлері емдей алмайтын ауыр науқастар болса, біз ем-домды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасаймыз. Емдеу тегін болады. Тұрғындар мұндай емді порталдағы кезек арқылы да алады. Бірақ басты міндет алғашқы медициналық көмекті аудандық деңгейдегі мамандар көрсете алуы тиіс.  Меморандум аясында осының бәрі оқытылады. Жоба оң нәтиже береді деген ойдамыз.