Орфандық дертпен ойнама!
80 мыңнан астам қазақстандық орфандық, яғни сирек кездесетін дертке шалдыққан, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 20 мыңға жуығы – бала. 48%-і жүйке жүйесінің патологиялық ауруымен ауырса, 18%-і ісік, 12%-інде ас қорыту жүйесі бұзылған. Сондай-ақ эпилепсияның сирек түрлерімен 20 мың, глюкоза тасымалдаушы тапшылық синдромымен 13 мыңға жуық, склерозбен ауыратын 2,5 мыңнан астам науқас тіркелген.
Елдегі кең тараған орфандық аурулар:
Орталық жүйке жүйесінің патологиялары 49%;
Ісіктер 18%;
Ас қорыту жүйесінің аурулары 12%;
Эпилепсияның сирек және төзімді түрлері 20146;
Глюкоза тасымалдаушы тапшылық синдромы 13285;
Склероз 2715.