А. Әлназарова: Отандық дәрі-дәрмек үлесі артады
2029 жылы отандық дәрі-дәрмек нарығы 50%-ке жету керек.
Бұл туралы астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің VII кеңесінде Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі әріптес елдермен тығыз байланыс орнатып, фармацевтика саласын дамытуға күш салмақ.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мемлекет басшысы да бұл туралы бірнеше рет айтты. 2029 жылға дейін ішкі сұраныстың 50%-ін отандық өнімдермен қамту мақсаты бар. Бірақ бұл жұмыс жеткілікті деңгейде жүріп жатқан жоқ. 20%-тен аса алмай жатырмыз. Бүгін Иранның Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмектің 99%-і елде өндіріліп жатқанын мәлімдеді. Сондықтан олардың тәжірибесін зерттейміз.