Мейірімге толы мамандық иесі
Ревматолог дәрігер Меруерт Баулы ересектер мен қатар балаларды да емдейді.
Бұл салада жүргеніне 10 жылдан асты. Кішкентай кезінен ақхалатты боламын деп армандаған ол мектеп бітіре сала Астана медицина университетіне оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнында 7 жыл бойы жалпы медициналық білімін шыңдайды. Одан ары резидентурада тәлім алады. Жастайынан қиындықтан қашпаған маман ревмотология күрделі сала болған соң қызықтым дейді.
Меруерт Баулы, ревматолог-дәрігер:
- Негізгі дәрігер болудағы мақсатым бұл науқастардың өмір жасын ұзарту. Және ауырып емдеріне шипа іздеп жүрген кездеріңде толыққанды диагноз қойып аурудан айығуға септігімді тигізу. Ревматолог болудағы мақсатым ревматология қазіргі таңда күрделі мамандықтардың бірі болып табылады. Неге себебі аутоиммунды аурулармен айналысамыз. Тек ғана ревматологтың емес, комиссия құрылып диагноз қойылады. Бұл өте күрделі болып келеді. Ревматологияға күрделілігі үшін келдім.