Солтүстікте малдан бруцеллез анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез анықталды.
Індет Қызылжар, Аққайың, Ақжар, Айыртау және Тимирязев аудандарында тіркелді. Қазір 9 бас ірі қара сойылып, қора-қопсы зарарсыздандырылды. Жергілікті билік малдың етін сатуға шектеу шарасын енгізуді қарастырып жатыр. Әзірге Аққайың ауданына қарасты Лесной ауылдық округінде карантин жарияланды. Осыған байланысты ветеринарлар облыс бойынша 170 мыңнан аса малдан сынама алды.
Аманжол Нұртазин, ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:
- Мал сою алаңына жіберілді. Әр 15 – 20 күннің ішінде аулалардан және де анықталған шаруа қожалықтардан бруцеллезге анализ тапсырылатын болады. Яғни малдан ПЦР алынады.