Астанада жеті емхана салынады

Астанада алдағы 3 жылда 7 емхана салынады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Емдеу мекемелерінің екеуі мемлекет қаражатына, қалғаны инвесторлар есебінен бой көтереді. Бұл елордадағы емханалардың жүктемесін айтарлықтай азайтады дейді министр. Бүгінде шаһардағы медициналық нысандар 1,5 млн жуық адамға қызмет көрсетеді. Бірақ солардың бірнешеуі, екі есе көп жүктемемен жұмыс істеп жатыр.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Демографиялық болжам бойынша 2030 жылға дейін халық саны 2 млн асады деген болжам бар. осыған байланысты денсаулық саласының инфрақұрылымының дайындығын да біз қамтамасыз етуіміз керек. Астана қаласы бойынша бар болғаны 160-тан астам емдеу мекемелері болса соның 35-і қалалық әкімдікке қарайды. 10 республикалық мекеме, қалғандары жеке меншік.