Қызылордада 7 адамды кене шаққан
Қызылорда төңірегінде кене шықты. 7 адам зиянкестен зардап шеккен. Қазір облыс аумағында кенеге қарсы улау шарасы басталды.
Күзге дейін 5 мың гектарға жуық алқапты залалсыздандыру жоспарланып отыр. Өңір конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Сол себепті өңдеу шаралары екі рет жүргізіледі. Мамандар қауіптілігі жоғары 115 елдімекенді анықтаған. Жалпы 3 мыңнан аса кене жиналды. Олардың төртеуі жұқпалы індет таратушы екені анықталған.
Динара Жаңабергенова, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін тұрғындар назарына қора, аула тазалығын қатаң сақтауды және қолайсыз елдімекендерде жүргізілетін өңдеу жұмыстары барысында мал басы мен қорасын толық дәріленуіне үй иелері тарапынан қатаң бақылау қажеттігін еске саламыз. Тұрғындар арасында әсіресе далалық аймақта жұмыс істейтін мал, егін шаруашылығымен айналысатын адамдар үшін қауіп арта түседі.
Олжас Ысқақов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Қанның қоры, тиісті емдеуге қажетті иммунно плаза, КГЛ-мен ауырған науқастардың плазмасы, негізгі ем болатын ребоверин препараты, бокс бөлімшелері әрбір ауданда, облыстық жұқпалы ауруханасында барлығы дайын.