Енді дәргердің алдында кезек күтіп отырмайсыз
Енді ем алушылар дәрігерге терапевтің жолдамасын алмай-ақ қарала береді.
Бұған дейін емханаға келген жұрт ауру қысса да кезек күтіп, біраз уақытын сарп ететін.
Мұның қандай пайдасы бар? Өзгерістер қандай? Ол туралы сюжеттен білейік.
Дәрігердің қарауына жазылу жеңілдейді. Сәуір айынан бастап медицина мамандарының қабылдауына кіру үшін терапевттен жолдама алудың қажеті жоқ. Бұл әрине дәрігерге кезек күту уақытын анағұрлым қысқартады
Әсел Қыдыралиева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:
- 1 сәуірден бастап барлық медициналық ұйымдар терапевт мамансыз 8 жағдайда бейінді мамандардың кеңесіне жазыла алады. Ол аталған 8 жағдай бірінші – көз және құлақ травмалары, яғни травмалық жағдайларда терапевттің кеңесінсіз тар буынды мамандарға жазылады. Екіншіден – акушер-гинекологтың кеңесі, жүкітілікке тіркелуді санамағанда.
Сонымен қатар бұл 8 бағыттың ішінде тіс дәрігері, психологтың да қызметі бар. Онкологиялық ауруға күдік болған кезде де әр дәрігердің есігін жағалаудың қажеті жоқ.
Әсел Қыдыралиева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:
- Қалай жазылады деген сұрақ. Колл орталықтардың жұмыстары жандандырылды. Екіншіден – мына ақпараттық жүйелердегі өздігінен жазылу тетігінің іске қосылуы. Үшіншіден – бұрын дәрігердің кестесі 10 күнге ғана қолжетімді болса, қазіргі таңда 1 айға дейін қолжетімді.
Алайда, терапевттің қабылдауынсыз бейінді мамандарға жазылу барлық пациенттерді қамтымайды. Белгілі бір деңгейдегі емделушілер ғана жазыла алады.
Абзал Орынбасаров, қалалық №7 емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы:
- Сіз егер диспансерлік есепте тұрған болсаңыз, бір бейінді маманда айталық кардиологта, ревматологта, эндокринологта сол уақытта сіз өзіңіздің емханадағы сол аталған мамандарға терапевттің жолдамасынсыз колл орталық арқылы хабарласып немесе дамумед қосымшасы арқылы жазылуға мүмкіндік ашылды.
Сөйтіп, кәсіби дәрігерге қаралу үшін терапевтің алдында кезек күтіп тұрудың қажеті жоқ. Тағы бір жайт, Денсаулық сақтау министрлігі жалпы тәжірибелік дәрігерлердің білімін жетілдіріп, қызмет көрсету аясын кеңейтпек
Зарина Кәп, Ырыстанбек Оспанов, 24.KZ