«Көзің ауырса, қолыңды тый» немесе арнайы көзілдірік ки

Көзіңіздің көруі нашарласа, ота жасатуға асықпаңыз. Дәрігерлер әзірге медициналық немесе перфорациялық көзілдірік кіиіп жүруге кеңес береді.

Оның пайдасы қандай? Көз жаттықтыруға арналған бұл көзәйнектің кәдімгі көзілдіріктен айырмасы не?

Ақжібек Қайсанова көзінің көруі нашарлаған соң дәрігердің көмегіне жүгініп, емделген. Бірақ көзілдірік тағып жүруге ұялып, бір жөні болар деп жүре берген. 

Ақжібек Қайсанова, емделуші:

- Көзілдірік киюге бұрын ұялатынмын, соңғы уақытта түсінгенім, өзіміз үшін керек екен. Қазір ем алып, көзілдірік тағып жүрмін, көзімнің көруі де жаман емес.

Көзінің нұры тайып жасы келгендер ғана емес, қылшылдаған жастың да, әлі мектепке бармаған балалардың да арасында нашар көретіндер көбейген. Оның бір себебін мамандар ұялы телефонға көп шұқшиғаннан деп біледі. Дегенмен көз нашарласа, амал жоқ, дәрігерге көрінесіз. Бұл жерде көзілідіріктің де түр-түрі бар.

Арай Алпысова, оптометрис дәрігер:

- Медициналық көзілдірікке қарағанда, мен тағып тұрғандай, олардың айырмашылығы, перфорациялық көзілдірік жаттықтыратын болғандықтан, яғни бұлар астигматизм, миопия және преспофия сияқты көз ауруларын емдеуге арналғандықтан, айырмашылығы жер мен көктей. Емделген адамдар практикада бар, 100 пайыздан қарасақ, 10-20 пайызы ғана. Далаға және машина айдауға ондай көзілдіріктер болмайды.

Медициналық көзілдірік, перфорациялық көзілдірік те жұрттың бәріне бірдей жарай бермейді. Көз ауруы әр түрлі болғандықтан жағымысыз тұстары да болуы мүмкін. Мұндайда тек маманның кеңесіне жүгініп киген жөн.

Думан Мұқанов, емделуші:

- Перфорациялық көзілдірік арқасында дәрігердің кеңесі бойынша 6 ай ем алдым, 6 ай қарағанда көзім қазір жақсы көреді.

Перфорациялық көзілдірікті 1 ғасыр бұрын өнертапқыш, медицина ғылымдарының докторы, офтальмолог Арон Дашевский ойлап тапқан. Оны киюдің де өз әдісі болған дейді. Ал ол замандағы медицина бұл көзілдіріктің пайдасы барын құптағанмен, қазіргі мамандар көз ауруларының әртүрі болатынын ескертіп, тек дәрігердің кеңесіне құлақ асуға кеңес береді. 

Жансауле Абдулла, Мадияр Қындыбаев, 24.KZ