99 пайыз. Көз ауруларын анықтайтын нейрожелі
Астаналық мамандар көз ауруларының диагнозын анықтайтын нейрожелі ойлап тапты.
Оның артықшылығы аурудың бар-жоғын 99 пайызға нақтылап береді. Қазір бұл әдіс Астананың бірнеше ауруханасында қолданылып жүр. Дегенмен мамандар бұл жетістікпен тоқтап қалмай оны әлі де жетілдіруге күш салып жатыр.
Астаналық Яна Тен көз ауруларының диагнозын нақты анықтайтын нейрожелі ойлап тапты. Арнайы сайтқа кіріп, көздің фотодерегін енгізсеңіз, бірден нәтижесін көрсетеді. Яна Теннің айтуынша, жоба әлі де толыға түседі, арнайы жабдықтармен қамтылатын болады.
Яна Тен, жобаның негізін қалаушы:
- Нейрожелі базаға енген фотосурет арқылы диагноз қояды. Мұндағы бір артықшылық – ауруды 99,5 пайызға анықтайды. Қазір астананың бірнеше аурухансында бұл әдіс қолданылуда. Бірақ одан әрі дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Бұл – сирек кездесетін ауруларды анықтауда таптырмайтын әдіс. Себебі әлемде дәл осы дерттен 500 миллионнан астам адам зардап шегеді. Ал оның 40 пайызына дұрыс диагноз қойылмайды.
Яна Тен, жобаның негізін қалаушы:
- Зерттеу жұмысы арқылы біз көз ауруының диагнозы жүйке жүйесінің емделмейтін ауруларын да анықтай алады. Ауруларды анықтап қана қоймай, оны белгілі бір даму сатысында тоқтатып қоюға да мүмкіндік бар. Алдағы уақытта осы зхерттеуді аяқтап, іске көшеміз деген ойдамыз.
Мамандардың айтуынша, ауруды дер кезінде анықтамау – оны одан сайын асқындырады. Қазір уақытылы скринингке келмегендіктен көру қабілеті нашарлап кеткен науқастар көп дейді дәрігер Гүлназ Қасымбекова.
Гүлназ Қасымбекова, көз аурулар институты балалар бөлімшесінің дәрігері:
- Скринигкке уақытында келу керек. Неге? Себебі бізде көрсетілетін ем кешігіп жатады. Туа біткен ақаулармен жиі келеді ғой бізге. Сол кезде көмектесу мүмкін емес болатын кездер немесе қатты үлкен өзгерістер көзге алып келетін жағдайлар болады. Уақытта өткізіп алған кездерде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сүйенсек, көз ауруларының 80% алдын алуға және емдеп жазуға болады. Ол үшін алдымен диагноз дұрыс болу керек және ауруды асқындырмаған жөн. Ал диагнозды дәл анықтауға жаңа бағдарлама сеп болмақ.
Зарина Кәп, Бағдат Қайыркен 24.KZ