Қазақстан дәрігерлері Түркияда операция жасады

Бұл – медицина саласындағы екі жақты әріптестіктің нәтижесі, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жолы дәрігерлеріміз ол жақтағы әріптестерімен бірге өкпеге бірегей операцияны сәтті атқарды. Мамандар жаңа технологияның да қыр-сырын меңгеріп жатыр.

Кесіп жасалатын кез келген хирургиялық операциялар денеде, денсаулыққа да ізін қалдырмай қоймайды. Осы мәселеге келгенде қазір озық технологияның көмегімен жасалатын операциялардың әдісі өзекті. Ыстамбұлға арнайы келген дәрігерлер бауырлас елдегі әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Левент Алпай, медицина ғылымдарының профессоры, хирург:

- Қазақстандық әріптестермен бірге «ВАТС», яғни сол жақ өкпенің төменгі бөлікті лобэктомиясы отасын жасадық. Бұл ота түрі бірқатар елде бар. Десе де жаңа технология мен заманауи құрылғылар, тәжірибелі мамандар болу керек. Қазақстандық дәрігерлермен өзара тәжірибе алмасып, бір-бірімізден көп нәрсе үйрендік.

Ота 65 жастағы науқасқа жасалды. Пациенттің созылмалы аурулары бар. Демек опарация барысында кез келген жағдайға дайын болу керек.

Жасұлан Ибраев, дәрігер:

- Ыстамбұл қаласында Медикана деген заманауи клиникаға келдік. Бұл операцияның ерекшелігі науқас үшін ыңғайлы. Керемет операциялардың бірі. Жасалған операциялардың бірі онкологиялық науқасқа жасалды. Операция сәтті өтті. Профессор Левент өзінің маман екенін көрсетті. Операция – енді барлық мемлекетте жасалып жатқан операциялардың түрі. Бірақ әркімнің өзінің жасайтын методикасы бар.

Қадырбек Халықов, дәрігер:

- Профессорлар мықты маман екенін көрсетіп, бүгінгі ота сәтті өтті. Өзімізге керекті отаны жасау әдістерінің бәрін сіңіріп алдық. Былай айтқанда. Ертең Қазақстанда отаны жасау оңайырақ түседі деп ойлаймын. Мұндай әдіспен алмасу бұдан әрі қарай жалғасса, қуанышты боламыз. 

Екі ел арасында денсаулық сақтау саласында біріккен жобалар аз емес. Бұл ақхалаттылардың тәжірибесін арттырып, білікті кадрлар қатарын толтырудың ұтымды әрі пайдалы әдісі екені анық.

Авторы: Меруерт Қанағат.