Астанада көкжөтел жұқтыру дерегі 81 есе артқан

Бұл жөнінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.

Жарты жыл ішінде 14 жасқа толмаған 417 баланың ағзасынан осы инфекция табылған. Ал былтыр көкжөтелмен ауырғандардың саны небәрі 5 адам болған. Инфекция жұқтырудың негізгі себебі ата-аналардың өз балаларына вакцина салдырмауында. Бұдан бөлек санитариялық дәрігерлердің сөзінше, елордада қызылшамен ауырғандардың саны 12 есе, ал вирустық гепатит жұқтырғандардың қатары 1,5 есе өскен. Дегенмен, қазір Астанада эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланады.