Зейнетақы жинағы есебінен тіс емдеуді тоқтату жоспарланды

Зейнетақы жинақтары есебінен стоматологиялық қызмет көрсетуді уақытша тоқтату жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Бұйрық жобасын әзірледі. Уәкілетті оператордың мәліметіне сай, қызметтік тексерулер барысында жалған құжаттарды пайдалану және нақты медициналық қызметтерді көрсетпеу фактілері анықталған. Осыған байланысты протездеу және тістерді импланттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражатты пайдалануды 6 айға дейін тоқтата тұру көзделген. Бұйрықтың жобасы талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер порталына орналастырылды.