Зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға арнайы төлем беріліп жатыр
Биыл зиянды өндірісте жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін 1 миллиард 655 миллион теңгеден астам арнайы төлем тағайындалды.
Төлем жалпы саны 9 145 адамға берілген. Ұзақ уақыт зиянды жұмыстарда істейтін азаматтарға арналған төлем 1 қаңтардан бастап енгізілген. Оны 55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар жұмысшылар алуға құқылы. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі хабарлады.