Астанадағы травматология және ортопедия орталығы жаңа құралдармен жабдықталды

Елдегі медицина мекемелері жоғары технологиялық құралдармен жабдықталып жатыр.

Заманауи  медициналық құралдар мен арнайы микроскоп күрделі операциялар жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық травматология және ортопедия орталығындағы жаңа жабдықтардың жалпы құны 400 млн теңге. Мұнадай микрохирургиялық технологиялар мен роботты кешендер емдеу барысын анағұрлым жеңілдетеді дейді,-мамандар. Жалпы, бұл орталықта жылына 8 мыңнан аса операция жасалады.

Серік Балғазаров, академик Н. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы директорының орынбасары:

- Операцияның уақыты азаяды, сапасы көтеріледі операциялардың жасаған. Бұрын көрінбейтін тамырларды көретін боламыз. Сосын сол тамырларды бір-біріне тігеміз. Саусақтарды кесіп тастайды. Производственные травма дейміз. Оларды алып келгенде мұндай микроскоп бізге өте үлкен көмек көрсетеді, операция жасауға "Самұрық-Қазына" қоры демеушілік еткен.