Адам папиллома вирусы: Семейде 5 мыңға жуық оқушы екпе алады

Семейде 11 жастан асқан 5 мыңға жуық қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы екпе алады, деп хабарлайды 24KZ. Абай облысының штаттан тыс онкологы Баян Бекетова 11 жастағы қызын екпе салдыруға алып келді.

Маман: «Бұл аса қауіпті онкологиялық аурулардың үштігіне кіретін дерт», – дейді. Оны тек вакциналау арқылы алдын алуға болады. Екпе ата-аналардың рұқсатымен салынады. Вакциналау Семейдегі білім ордаларында кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Баян Бекетова, Абай облысының штаттан тыс онкологы:

- Елге бұл вакцинаның әкелінгені – қуантарлық жағдай. Себебі бұл екпе бүкіл әлемде тәжірибеден өтті. 15 жыл бойы салынып келеді. Менің екі қызым бар. 11 жастағы қызым екпе алды. Ал үлкен қызымды ақылы түрде вакциналаудан өткіземін.