Риддердегі аурухана құрылысына қайтарылған активтерден ақша бөлінді

Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам ақша бөлінді.

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Яғни "Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде қайтарылған қаражат.

Көп салалы ауруханада 200 орындық стационар және 1 ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхана болады. Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге. Әзірге оның 6,6 млрд теңгесі игерілген. Бұл кешеннің ашылуы 55 мың тұрғыны бар Риддер сияқты моноқала үшін аса маңызды. Мұндағы халықтың 22,7 пайызы жасы 60-тан асқан. Қаладағы жалғыз аурухананың салынғанына 40 жылдан асып кеткен. Жаңа кешен 500-ден астам қызметкерді жұмыспен қамтитын болады.