Былтыр Қазақстанда 388 400 бала дүниеге келді
Былтыр Қазақстанда 388 мың 400 бала дүниеге келді.
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша оның 51,6 пайызы ұл, 48,4 пайызы қыз. Елдегі 230 мың 300 бала қалада, 158 мыңы ауылда туған. Сонымен бірге осы жылы 4075 егіз, 48 үшем және 1 төртем өмірге келді.
Республика бойынша бала туу көрсеткіші Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында жоғары, ал Солтүстік Қазақстанда төмен.