Қызылордадағы кардиоорталық жаңа технология жетістіктерін игерді
Қызылордадағы кардиологиялық орталық жаңа технология жетістіктерін игерді.
Соңғы екі жылда заманауи медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Нәтижесінде күрделі операциялардың саны артып, дәрігерлер жүздеген науқасты дерттен құтқарды.
Қали Ермаханов өзін бақытты жан санайды. 59 жастағы Қызылорда тұрғынының жүрегі тоқтап, 6 сағат операция жасалған. Заманауи технологиялардың арқасында кардиологиялық орталық дәрігерлері науқасты аман алып қалды.
Қали Ермаханов, қала тұрғыны:
- Скорыймен осы жерге алып келді. Сол қабылдау бөліміндегілер бірден стенограмма түсіріп "сізге жату керек, сіз қиын жағдайда тұрсыз"деді. Сол еш жерге бармай, өзіміздің Қызылордада жасайық деп, өзім сүйтіп шештім. Оған ризамын қазір. Мысалы, алыс жерге барып жүргеннен өзіміздің білімді мамандардың арқасында осы қаланың ішінде жасалынды. 8 күннің ішінде өз аяғыммен тұрып, өзім жүріп, лестницамен көтеріліп, өте жақсы қалыптамын қазір.
Күре тамырға стент орнату, криобляция мен жүрек қағысы ырғағын қалыпқа келтіретін құрылғы бекіту сияқты күрделі оталарды 2000-шы жылға дейін елімізде тек Сызғанов атындағы институтта жасалып келген. Шұғыл емге мұқтаж 15 мың науқастың тек 700-і ғана қамтылды. Соңғы 15 жылда ішінде жоғары технология лардың көмегімен жасалатын ем-домды Қызылордадағы кардиологиялық орталық мамандары да игерген.
Жасұлан Баймаханов, облыстық көп салалы аурухананың директоры:
- Жылына біз 4 мыңға таман науқасқа көмек көрсетеміз. Оның ішінде 3000 коронография жасалады. Өзіміз қазір қарасақ жылына 400-ге таман жүрек-қан тамырларына операция жасалады. Қазақстанда жасалып жатқан барлық операцияны өзіміз жасаймыз.
Бүгінгі таңда елімізде жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан 2 млн-ға жуық науқас бар. Ол экономикалық белсенді тұрғындардың 12 пайызы. Статистикаға сәйкес, тек Қызылорда облысының өзінде жылына 700-ге жуық адам аталған ауру түрлерінен бақилық болады. Бас дәрігердің айтуынша бұл көрсеткішті азайтуға мемлекеттік бағдарлама демеу болған.
Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Скринигтік тексеруден кейінгі егер сол гнауқаста жоғарғы артериялдық қан қысымы, жүректің аурулары болатын болса тегін тиісті дәрі-дәрмектер де осы әрбір науқасқа беріліп жатыр. Облыстық көпбейімді ауруханасында ангиограф аппараты арқылы коронография, стенд қоб, күрделі жүректің ашық оталары жжасалу мәселесі пысықтьала, батыс өңірлерімізге арнайы ангиограф қондырғысы бар сол қондырғымен пацияенттерге тиісті оталар жасалды.
Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама арқасында қазір елімізде 26 кардиоорталық жұмыс істейді. Сәйкесінше заманауи технологиялардың көмегімен жасалатын күрделі ота операциялар саны да артқан. Білікті мамандар мыңдаған жанның дертіне дауа тауып, құлан таза сауығып кетуіне көмектесті.
Мансұр Есқожин, Райхан Тажибаева, Нуржан Музарапшин, Айтмухамбет Байдулдаев