Петропавлда дәрігерлер жас жігіттің жүрегінен темір затты алып шықты

Петропавлдық дәрігерлер науқастың жүрегінен көлік дөңгелегінің темір бүрін алып шықты. 

Дөңгелек жарылып, 22 жастағы қала тұрғыны ауыр халде  ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, өкпесі мен бауыры да зақымданған. Мамандар бір литр қан жоғалтқан науқастың кеуде қуысына екі сағат бойы операция жасап, темір тікенді алып шықты. Қазір ол тиісті ем шарларын қабылдап үйіне шығарылды.

Алексей Дрюпин, хирург:

- Науқас қабылдау бөлімінен бірден операцияға түсті. Өйткені, жарақаты өте күрделі болды. Сирек кездесетін жағдай. Дәрігерлердің арқасында жүректегі метал бұйым алынып, ер адам аман қалды.