Павлодар облысындағы Ақжар ауылында медициналық пункт ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысы Май ауданының Ақжар ауылында медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы өңірде жыл соңына дейін 30 медициналық нысан халық игілігіне тапсырлады деп жоспарланған. Бұл 15 мың ауылдықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық ғимарат республикалық және жергілікті бюджеттің бірлескен қаржысы есебінен салынуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына енген міндеттердің бірі.

Ақжар ауылы облыс орталығынан шалғай жатыр. Бұрын арнайы медициналық нысан болмаған. Учаскелік дәрігер науқастарды әкімдіктің тар бөлмесінде қабылдайтын.

Маржангүл Болатова, учаскелік медбике:

- Біздің ауылымызда 550 адам тұрады. Оның ішінде бір жасқа толмаған 4 баламыз бар. Енді міне, біз бүгін қуанып жатырмыз осындай медпункт ашылып. Алғашқы көмек көрсететін жәрдем. Мен осында жұмыс істегеніме 31 жыл болды

Ауыл ақсақалы Досымжан Бісмилдин соңғы уақытта атқарылған істерге тоқталды. Өзекті болған ауыз су мәселесі оң шешімін тауыпты. Ауыл жолдары жөндеген.

Досымжан Бісмилдин, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Ауылымыздың барлық көшелерін асфальттады. Бүгін міне, емхана үйінің ашылу салтанаты болып жатыр. Өте ризамыз. Осылай халыққа қызмет етіп жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын.

Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дефибриллятор, телемедициналық кардиограф және физиотерапиялық құрылғы алыныпты. Өңірге жас мамандар келіп ж

Әнуар Бұйрашев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Биыл 11 айдың ішінде осы Май ауданына бізде 7дәрігер және 5 орта медициналық қызметкерлер келді. Дәрігерлердің ішінде хирургтар бар, неонатолог, реанимотолог, стоматолог және т.б.

Облыс бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков