Елде 1,8 млн науқас дәрі-дәрмекпен қамтылды
Биыл елде 1,8 млн науқас амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды 24KZ. Оған 226 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Оның басым бөлігі – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген түрі, қалғаны міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тиесілі.
Медициналық ұйымдар келер жылға қажетті дәрі-дәрмек пен бұйымдардың 83%-ін сатып алған. Қазір Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына негізгі тауарлар жеткізіліп жатыр. Алдағы қаңтар айынан бастап медициналық ұйымдар сатып алу жүйесінің электронды форматына көшіріледі. Бұл әдіс саладағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін қажет.