Жетісу облысында 82 мыңнан астам адам ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцина алды
Қыстың тағы бір әлегі тұмау көбейеді.
Жалпы қазан айынан бері Жетісу облысының 40 мыңға жуық тұрғыны тыныс алу жолдары инфекциясын жұқтырған. Сырқаттанғандардың 67 пайызы 14 жасқа дейінгі жеткіншек. Тұмау мен жіті респираторлық вирустың алдын алу үшін биыл 83 мың доза вакцина алынып, жергілікті тұрғындардың 12 пайызына екпе салынды - дейді сала мамандары.
Индира Күнбасова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Тұмаудың зертханалық расталған жағдай алтау. Ол былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда 9 жағдайға төмендеп отыр. Жалпы бізде бір жасқа дейін және жүкті әйелдер арасында біршама төмендеу бар. Жалпы жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша сырқаттанушылыққа келетін болсақ, былтырғы жылдың деңгейінде.