«Медидез» Еуразиядағы жетекші компанияға айналды
Қостанай облысының Рудный қаласындағы «Медидез» ғылыми-өндірістік бірлестігі Еуразия аумағындағы озық технологиялы компаниялардың бірі.
Дезинфекциялық, гигиеналық заттар шығаратын кәсіпорын өнімінің жартысына жуығы, шет елге экспортталады. Биыл өндірісте қосымша автоматтандырылған жаңа желі іске қосылды.
МедиДез ғылыми-өндірістік бірлестігі дезинфекциялық және гигиеналық заттардың 100-ден аса түрін шығарады. Биыл өндіріс жүйесі тағы бір замануй технологиялық желімен толықты. Мұнда химиялық ерітіндіні ыдысқа құю, қақпағын бекіту, заттаңбасын жабыстыру бәрі автоматты түрде атқарылады.
Төлеген Сейітқалиев, өнім сапасын бақылаушы:
- Мынау этикетканың оңды-солдысы бар, қисайып кетуі болады, то түсіп кететіні болады. Соны қарап мен мына жерден регулировать етіп, экраннан қарап, орынына келтірем. Бәрі автоматтандырылған, ішінде бүкіл позициясы бар.
Завод жылына мың тоннаға жуық медицина, азық-түлік және тұрмыстық қажеттілікке арналған дезинфекциялық құралдар шығарады. Соның 40 проценті экспортқа жіберіледі.
Бақытжамал Бірназарова, қойма меңгерушісі:
- Бүкіл Қазақстанға жібереміз, Ресей, шетелдерге жібереміз. Күнде-күнде кете береді тауар шетелге. Жақсында Минскіге жібердік. Ойлап тұрмыз, олардың заявкалары көбейеді.
Химиялық өндірісте сапаға аса мән беріледі. Барлық өнім үш мәрте зертханалық тексерістен өтеді.
Елена Хисматуллина, зертханашы:
- Алдымен шикізатты тексереміз, сосын жартылай өнім зерттеуден өтеді. Соңында дайын өнімді тағы мұқият қарап шығамыз.
Дезинфекциялық, гигиеналық ертінділердің кейбір түрін осы зауыт ішіндегі мамандар дайындап шығарған.
Әлия Қайрақбаева, "Медидез" ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры:
- Біздің өз технологтарымыз инфекцияны залалсыздандыру заттарын әзірлеумен айналысады. Кейде белгілі химиктердің көмегіне жүгінеміз.Бірақ негізінен өз өнімдерімізді шығарамыз.
Құрылғанына он жыл ғана болған «Медидез» бірлестігі «Алтын сапа», «Қазақстанның үздің тауары», «Үздік экспорттаушы» байқауларының жеңімпазы атанып үлгірді.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг