Тұмаудың алдын алу жолдары
Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу жолдарын ұсынды.
Ақхалаттылар адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеуге кеңес береді. Ал үйде болсаңыз бөлмелерді желдетіп, қолды дезинфекциялаған жөн. Ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеп, тұмау мен Жұқпалы респираторлы вирустық инфекция белгілері болса, дереу медициналық көмекке жүгінген абзал.