Қазақстанда бір жылда 2000 эндопротездеу операциясы жасалды
Қазақстанда енді жамбас және тізе буындарын робот-ассистент көмегімен эндопротездеу операциясы тегін жасалуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Ол үшін тиісті ем-дом шарасын медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу көзделіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі қазір осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері хабарлады. Орталық 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап осындай күрделі операцияларды жасайды. Бұдан бөлек, дәстүрлі эндопротездеу ем-домы да жүргізіліп келеді. Десе де, жоғары технологиялық медициналық көмекке кезекте тұрған науқастар саны күннен күнге артып келеді.
65 жастағы Ұлташ Жүсіпованының буын ауруына шалдыққанына 10 жыл болған. Сырқат белгілері аса білінбей, ота жасатамын деп ойламаған. Қарапайым ем-доммен жүре берген. Бірақ уақыт өте келе буын ауруы асқынып, қозғалысы қиындаған соң биыл операция жасатуға бел буып, Қызылорда облысынан Астанаға арнайы келді.
Ұлташ Жүсіпова, Қызылорда облысының тұрғыны:
- Мен енді емделдім, көрейін дедім. Бірден отаға түскім келген жоқ. Шамалы өзімді өзім бақылайын дедім. 5 қаңтар күні келдім. 6 қаңтар күні маған ота жасап тастады. Жағдайым жақсы. Өте өзімді жақсы сезінемін. Қазір жүріп жүрмін. Барлығы жақсы. Маған қызмет істеген нағыз адам жанының арашалары. Бәріне үлкен алғысым шексіз. Аяғым қазір қалпына келді деп ойлаймын.
Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталықталығында үлкен буындарды эндопротездеу бойынша күрделі операциялар жасалады. Міндетті әлеуметтік медицицналық сақтандыру арқылы қазақстандықтар иық, жамбас, тізе буындарын тегін ауыстыра алады. Бүгінде 2 мыңнан астам адам эндопртездеу операциясына кезекте тұр. Соның ішінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан ем іздеп келгендер көп. Күту мерзімі бір жылға дейін жетеді.
Жұмахан Сламов, Н.батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының травматолог-ортопед дәрігері:
- Қазіргі таңда жылына 1,5-2 мыңдай операция жасалынады. Толықтай тізе буынын және жамбас буынын ауыстыру бойынша. Оған қоса, 2023 жылдан бастап бізге роботизированный протез қоюға қазіргіден енгізілді. Роботтың көмегімен біз күрделі оталарымызды толығымен дұрыстап қоя аламыз. Оны қою арқылы операциямыздың уақыты азаяды. Жоғалтатын қанның мөлшері азаяды. Қойылған протездің жұмыс ұзақтығын создырады.
Осы күнде дейін орталық дәрігерлері робот ассистентті пайдаланып, 20 шақты операция жасаған. Нәтиже жақсы. Биыл тағы 100-ден астам ота жасау жоспарда бар. Бірақ бұл әзірге ақылы.
Тимур Байдалин:
- Робот-ассистент арқылы біз буындарды тұтастай емес, тек зақымданған жерін ауыстыра аламыз. Сондай-ақ екі тізеге қатар ота жасауға мүмкіндік бар. Тіліктер де шағын болады. Соның арқасында науқастар қойылған протезбен ұзақ жүреді. Әрі жасанды буын екенін қатты сезбейді. Бірақ робот ассистентпен эндопротездеу қазір тек ақылы түрде жүреді. Оны сақтандыру жүйесіне енгізу үшін уақыт керек. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тиісті шараларын жасап жатыр.
Бұдан бөлек, медициналық туризм аясында шетелдел келіп операция жасататындар бар. Олар негізінен көрші Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келеді. Қазақстандағы эндопртездеу құны төмен, ал сапасы жақсы болғандықтан, Германия мен АҚШ-тан арнайы келіп Қазақстанда операция жасатқандар бар. Айта кетейік, Қазақстанда робот асистентпен эндопродездеу 3,5 млн теңге тұрса, шетелде мұндай ота құны 9 есеге дейін көп.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Сания Көпжасарова