Елімізде 2026 жылдан бастап медициналық көмек көлемі ұлғаяды
2026 жылдан бастап 13 әлеуметтік мәні бар сырқат түріне күдік туындаған жағдайда тегін диагностикалық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды 24kz.
Бұл патологиялық ауруларды уақтылы анықтауға мүмкіндік бермек. Әрі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және созылмалы аурулары бар науқастар арасында мүгедектік деңгейін төмендетуге сеп болады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, былтыр 3,5 млн-ға тарта тұрғын ел ауруханаларында стационарлық ем алған. Оның ішінде 1 млн адам кепілдендірілген көлем шеңберінде емделді.