Қазақстанда медициналық туризм дамып келеді

Шетелден елімізге 2000-нан астам адам келіп, дертіне дауа тапқан, деп хабарлайды 24kz.

140-қа жуығы стационарлық қызмет алды. Бұл – былтырғы көрсеткіш. Бірақ осыдан-ақ елде медициналық туризмнің дамып жатқанын аңғаруға болады. Алыс-жақын шет елден ем іздеп келетіндер отандық медицинаның қолжетімділігі мен сапасына сеніммен қарай бастады. Себебі, Қазақстанда медициналық қызметтердің құны дамыған елдермен салыстырғанда едәуір төмен. Әрі UMC медициналық холдингіне кіретін JCI халықаралық стандарттарына сай тоғыз клиника шетелдік пациенттер арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл орталықтарда медициналық көмекпен қатар күрделі операциялар жасалады. Негізінен көршілес мемлекеттермен қатар Түркия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Австралиядан ем іздеп келетіндер көп.