Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі артты
Қазақстан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеке өндірісін дамыта бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Былтыр фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 95 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14,4%-ке артық. Дәрі-дәрмектің 4 мыңға жуық атауын жеткізуге 35 отандық өндірушімен 94 ұзақ мерзімді шарт жасалды.