МӘМС: 2000 жуық медицина ұйымына 2,1 трлн теңге төленді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жаман аурулардың алдын алуға көмектесіп жатыр. Бұл туралы елорда денсаулық сақтау ұйымының мамандары мәлімдеді. Жүйеге скринингтен өту бағдарламасының енгізілуі оң әсерін тигізген. 

Жалпы республика бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне 16 млн 500 мыңнан астам азамат тіркелген. Оларға осы уақытқа дейін 543 млн-нан астам қызмет түрі көрсетілді. Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу диагностикаларына сұраныс артқан.

Жаннұр Сұлтанғазина, Астана қаласының тұрғыны:

- Барлық Қазақстан азаматтары секілді айына төлем жасап отырамын және де сол арқылы жүктілік кезінде ең бірінші рет бүкіл ОСМС қызметін қолдандым. Барлық медициналық талдаулар, балаға қатысты бүкіл ем-шаралардың барлығын ОСМС арқылы алдым. Өзім жақында 30-ға толғандықтан, терапевт дәрігерлің шақыртуымен скринингтен өттім.

Иә, «осы жүйе арқылы скринингтен өту бағдарламасының енгізілуі де жаман аурулардың алдын алуға көмектесіп жатыр», – дейді қалалық емхана дәрігерлері.

Жанар Балхожаева, қалалық денсаулық сақтау ұйымының дәрігері:

- Скрининг бағдарламасы 2020 жылдары басталған кезде көп адамдар түсінбейтін. Қабылдауда отыратын дәрігерлер, учаскелік медбикелер шақырған кезде көп адам келмейтін. Қазіргі үлкен проблемаларды біз шештік деп ойлаймын. Өйткені скрининг арқылы біз көптеген онкологиялық аурудың алдын алып жатырмыз. Көп емханада науқастар біледі, өздері іздеп келеді. «Менде скрининг бар ма, қашан шақырасыздар, неге жоқ» деген сұрақтар.

2024 жылы медициналық сақтандыру қоры 2 мыңға жуық медициналық ұйымға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл өткен жыл бойынша медициналық көмекті қаржыландыру көлемінің 79%-не тең. Аталған сомаға ел бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету де кіреді.

Авторы: Мөлдір Молдағали.