Елде медициналық қызметтер тарифі түзетіледі

Елде медициналық қызметтер тарифі түзетіледі

Елде денсаулық сақтау саласына бағытталатын қаражат көлемі МӘМС жүйесі арқылы 2,8 трлн теңгеге жетті. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен шамамен 3 есе көп.

Президент тапсырмасы бойынша салаға қатысты жаңа заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес базалық медициналық көмектің бірыңғай пакеті қолданылады. Кез келген адам онкологиялық скринингтен тегін өте алады. Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау да ақысыз болады. Медициналық қызметтердің тарифі нақты шығындардың есебіне қарай түзетіледі. Әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыздар үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан МӘМС жарнасы төленеді.