Шетелдік науқастар Павлодарда ем қабылдады
Қазақстанда медициналық туризм дамып келеді.
Павлодардың №1 қалалық ауруханасында Ресей, Германия және Испания азаматтары операция жасатқан. Шетелдік науқастарды жоғары білікті мамандар, заманауи медициналық құрылғылар мен қолжетімді бағалар қызықтырады екен. Олар өт жолдарының патологиясын емдетіпті. Сонымен қатар тоқ ішек ісігін алдыру үшін операция жасатқан. Дәрігерлердің айтуынша, шетелдіктер Қазақстан медицинасы жайында туыстары мен достарынан естіп білген.
Қуат Жүсіпов, №1 қалалық аурухананың эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі:
- Мұндай операциялардың құны шетелде қымбатқа түсуі мүмкін. Оның үстіне біз кеспейміз. Шағын инвазивті әдісті қолданамыз. Науқас операция жасатқаннан кейін екі-үш күн ішінде аяғынан тік тұрады.