Шымкентте онкологияға шалдыққан науқастардың құқығы бұзылған

Шымкентте онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға медициналық сараптамадан өту үшін жолдама уақытылы берілмеген. Салдарынан 103 адамға дер кезінде диогностикалық ем жүргізілмеді. Тиісті әлеуметтік қолдау да көрсетілмеген. Бұл туралы медициналық ұйымдардың жұмысын тексерген прокурорлар мәлімдеді.

Қадағалау қорытындысымен 18 науқасқа мүгедектік берілді. Қалған жандарға дәрігерлер кеңес беріп, емханаға жіберілген. Ал денсаулық сақтау саласының 28 қызметкері мен 14 бас дәрігері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қали Бейсенбаев, қалалық прокуратураның аға прокуроры:

- Қала прокуратурасы азаматтардың құқығын қалпына келтіріп, олардың әлеуметтік көмекке қол жеткізуі үшін Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізді. Қарау нәтижесінде 18 науқасқа қазіргі таңда мүгедектік тағайындалып, олардың әлеуметтік көмек алуына жәрдем көрсетілді.