Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді

Үш аптадан соң Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

Екі күнге жалғасатын ауқымды шараға Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен 20 мыңнан астам делегат қатысады деп жоспарланған. Маңызды алаңда жаһандық климаттың өзгеруі, оның адамзат өміріне әсірі кеңінен талқыланады. Сондай-ақ су үнемдеу мәдениеті мен жалпы өңірлердегі қордаланған проблемалар тақырыпқа арқау болады. Бұл саммит тек диалог алаңы емес, мемлекеттер арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтады. Оның аясында бірқатар маңызды келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда маңызды халықаралық оқиға өтеді – Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында бастамашылық жасаған және халықаралық қоғамдастықтың кең қолдауына ие болған Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл іс-шара өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясатының қисынды жалғасы болып табылады. Саммит Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өткізіледі, сондықтан БҰҰ жүйесінің бейінді агенттіктері Саммитті дайындауға және өткізуге белсенді қатысады.