2 млрд теңге. Павлодарлық ауласында 170 келі мүйіз сақтаған

Павлодар облысында құны 2 млрд теңге болатын киік мүйізі табылды.

Ақсу қаласының тұрғыны үйінің аумағында 170 келі мүйізді 8 жәшікке салып сақтаған. 

Полицейлер Қызыл кітапқа енген дала жануарының 800-ге жуық мүйізін тәркіледі. Қылмыс фактісі бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.