Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік және батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің екпіні күшейіп, секундына 30 метрге жетеді.

Ал Астанада көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.