Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 28-30 қараша күндері еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды.
29 қараша түнде және 30 қараша таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. 30 қарашада таулы аудандарда көктайғақ болады. 28-30 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 29 қараша күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Тараз қаласында 30 қарашада тұман түседі. 29 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с болады.
28 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
28 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында 28 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
28 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с болады.
Көкшетау қаласында 28 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с күтіледі.
28 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.
28 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.
28 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
28 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.
28 қарашада Қостанай облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
28 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Орал қаласында 28 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
28 қарашада түнде Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау қаласында 28 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
28 қарашада Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтау қаласында 28 қарашада солтүстік-батыстан түнде екпіні 15-20 м/с жел соғады.
28 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
28 қарашада Абай облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.