Табиғат тазалығы дронмен бақыланады
Келесі жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында табиғат тазалығы дронмен де бақыланады.
Әзірге инспекторлар барлау жұмыстарына тікұшақпен шығып жүр. Оның шығыны аз емес.
Әуеде Ми-8 тікұшағы. «Қазавиаорманқорғау» мен табиғи ресурстар басқармасы қызметкерлерінен құралған бригада браконьерлер жүруі мүмкін жерлерді әуеден барлауға шықты. Күдік тудырған көлік пен қарайғаннын бәрі мұқият тексеріледі. Заңсыз балық аулағандар, аң атып, ағаш кескеннің бәрі назарда.
Қанат Рамазанов, Күршім ауданы Чердояк орманшылығының қызметкері:
- Мұндай барлау жұмыстарын жиі жүргізен дұрыс. Өзіміз де қарап отырған жоқпыз. Қолда бар мүмкіндікті пайаланып, күн сайын, апта сайын маңайды аралап шығамыз.
Кейде әуеге тікұшақ көтеруге тура келеді. Экология министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері елімізде заңсыз ағаш кесу бойынша 200-ден аса дерек тіркеліп, қоршаған ортаға жарты миллиард теңге шығын келген. Шығыс Қазақстанда соңғы бір айда тауда аң атқан бірнеше адам ұсталып, 5 қылмыстық іс қозғалды. Енді келер жылдан бастап браконьерлерді ұстауға өздігінен ұшатын аппараттар да тартылады.
Андрей Коншу, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК шығыс бөлігінің командирі:
- Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комиететі келесі жылға өздігінен ұшатын аппараттар алуды жоспарлап отыр. Яғни біздің бірнеше бөлімшеміз осы құрылғыны пайдаланатын болады. Браконьерлердің жолын кесу үшін бұл өте үлкен мүмкіндік болар еді.
Ал әзірге жедел отряд ескі әдіспен жұмыс істеп жүр. Жүздеген шақырымға созылып жатқан ну орман, тау-шатқал, өзен-көлге әуе көлігінен барлау жасалады. Нәтиже де жаман емес. Соңғы бір айда браконерлікке қатысты 300-ге жуық дерек анықталды.
Эльмира Ахметова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин, «Хабар-24», ШҚО.