Күн қайта жылиды

Күн қайта жылиды

Астанада бүгін де сабақ болмайды. 27-29 градус аяз. Тек түс қайта күн көзі сәл жылып, термометр бағаны 16-18 градусқа төмендейді.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Абай, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде 26-30 градус аралығында суық.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Жетісу өлкесінде 33-35 градустай аяз. Сол себепті елдің бірқатар аймағында мектептерде сабақ болмайды.

Афродита Пірімжар, "Қазгидромет" РМК І санатты инженері:

- Алғашқы 3 тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Аяз біртіндеп әлсірей бастайды. Осыған байланысты шығыста төмен және аязды температура сақталады. 15, 16 желтоқсанда еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың батысында және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі жаяу бұрқасын, таулы аудандарда тұман, батыста шаңды дауыл болады.